Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Тарихы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2008 жылдың 12 маусымында (№ 10485-1919-У-е) тіркелген. № 0806400101601 нөмірлі статистикалық картасы 2008 жылдың 16 маусымында алынды. Салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден (№ 211500236592) ТИГУ 2008 жылдың 19 маусымында өтті. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 1 шілдесіндегі № 804 бұйрығымен университет 2008-2009 оқу жылынан бастап өз қызметін жүргізіп келеді. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 27 бакалавр және 10 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ № 006458 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын 2009 жылдың 18 мамырында алды.

2014-2015 оқу жылында университет жоспарлы мемлекеттік аттестациядан өтіп, ҚРБжҒМ ғылым және білім саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылдың 3 маусымындағы № 795 бұйрығымен   АБ № 006458 нөмірлі мемлекеттік лицензиясына 23 бакалавриат және 10 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығы көрсетілген № 001 қосымшасы берілді.

       Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы еліміз бен аймақтың еңбек нарығында сұранысқа ие, еліміздің инновациялық-индустриялық даму стратегиясын жүзеге асыруға белсенді араласуға және бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлау ісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Университеттің даму стратегиясы бойынша 2011-2014 және 2014-2016 жылдарға арналған кезеңдік жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда университет Ғылыми кеңесінің 2016 жылғы 10 мамырындағы №10 мәжілісінде бекітілген «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымды дамытуға мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2016-2019 жылдарға арналған іс-шараларының жоспары» іске асырылуда.  

     ТИГУ-дің стратегиялық жоспарын орындау барысында білім беру қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік бағыттарда дамытып келеді. Университет оқытудың кредиттік жүйесі мен академиялық ұтқырлық бойынша Болон декларациясына қатысушы болып табылады. Мамандықтардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуде құзіреттілік әдіс-тәсілдер белсенді және тиімді қолданыс табуда. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде барлық мамандықтар жұмыс оқу жоспарларымен толығымен қамтылған. 2015-2016 оқу жылынан бастап мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын жұмыс берушілермен келісе отырып, әзірлеу қолға алынды.

Университетте оқу-тәрбиелік үдерістің әдіс-тәсілдерін жетілдіру іс-шаралары тұрақты жүргізіліп, бұл бағыттағы жұмыстар кәсіби мамандарды жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес дайындау деңгейі мен нарықтық экономика сұраныстарына сай келетін кәсіби мамандар даярлаудың сапасын арттыруға мол мүмкіндіктер жасайды.

Университет оқу үдерісін қатаң бақылаумен ерекшеленеді, яғни, сабақ кестесінің тұрақтылығы мен оның орындалуы үнемі тексеріліп тұрады. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, студенттердің танымдық әрекетін белсендіру құралдарын ендіру, дербес дайындықты күшейтуге маңызды көңіл бөлінеді. Әсіресе, шағын топтардағы жұмыс, жағдаяттық ойындар, тренингтер, т.б. ерекше танымал. Университет дамуы басымдықтарының қатарында университет инновациялық мамандар дайындау мәселесіне ерекше көңіл бөледі, осы тұрғыда оң отандық және халықаралық тәжірибелерді қолдану, жекелей алғанда, инновациялық және деңгейлік білімдік және ғылыми бағдарламаларды ендіру жетекші рөль атқарады.

Студенттердің кәсіптік тәжірибелерін ұйымдастыруда олардың теориялық білімдерін жақсарту және жұмысқа орналасу қызығушылықтарын көздеу басты назарда болады. ТИГУ-де 142 кәсіби практика базаларымен екіжақты келісімшарт жасалған, олардың ішінде, 87-сі- кәсіптік мекеме, 55-сі – орта мектептер мен колледждер. Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің Ядролық физика институтымен, Жамбыл облыстық ғылыми-зерттеу ветеринария стансасымен, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік ғылыми-зерттеу институтының Жамбыл бөлімшесімен, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстаржәне табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен, сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімімен, басқа да шетелдік, отандық жоғары оқу орындары, облыстық, республикалық іргелі кәсіпорындар, т.б. өзара әріптестік туралы меморандум жасалынған.

2009 жылдан бастап университет бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарымен, олардың ішінде, Ташкент жеңіл өнеркәсібі институты, Оңтүстік Ресей экономика және сервис университеті, Бристол Британ университетімен, Санкт Петербург мемлекеттік медициналық ветеринария академиясы, К.И.Скрябин атындағы Бүкіл Ресейлік гельминтология ғылыми-зерттеу институтымен білім-ғылым саласының жаңаша мақсат-міндеттері мен академиялық ұтқырлық бағытында әріптестік жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Университет 2010 жылы кәсіптік қызметі мен әлеуметтік–экономикалық жетістіктері үшін Францияның Канны қаласындағы Халықаралық Іскер Кеңесі (ХІК) мен Женевада орналасқан «Бизнес және басқару» INSAM институты Қорының     шешімімен жоғары деңгейдегі іс - тәжірибелері мен жетістіктері үшін «Европалық грант» номинациясы бойынша арнаулы сыйлықты иеленді.

2013 жылы 5 оқытушы ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша аккредитациялық куәлік иеленді. Университет бойынша 2015 жылы 30 ғылыми-зерттеу жұмысы өндіріске, ал 60-сы оқу үдерісіне енгізілді. Сондай-ақ, 2015 жылы университет ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері түрлі деңгейдегі 117 конференцияларда баяндалса, оның ішінде, 30 оқытушы алыс шетелдегі, 37- ТМД елдеріндегі конференцияларға қатысты.

Университет студенттері өнер мен спорт салаларында да үлкен жетістіктерге қол жеткізе білді. ТИГУ-де «Жеңіс» спорт клубы жұмыс жүргізеді. Спорт клубтың мүшелері әлем және Азия біріншіліктерінің, республикалық, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері.

2012 жылдан 2015 жылға дейін ТИГУ студенттері облыстық Дельфий ойындарында 1 және 2 орындарды иеленген. Ал, 2015 жылы университет студенттері КТК халықаралық түркі тілдес лигада жүлделі 2 орынға қол жеткізді.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер