Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Ар-намыс кодексі

Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің оқытушылары мен студенттерінің ар-намыс кодексі

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қоғамы, өздерінің жоғары оқу орын жүйесіндегі басты мақсаттарын іске асыру мен жауапкершіліктерін түсіну-жеке тұлғаның мәдениетінен хабардар және кәсіби дайындық, потенциалының әлемдік көзқарасқа ие болуы, жасампаз ойлау мүмкіндігі, мамандықтары бойынша тұрақты құзыреттілікті иеленуі мен өзіндік ұзақ дамуын есептегенде және басқарудың корпоративті қағидаларының дамуы, осы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қоғамының ар-намыс кодексін қабылдайды және міндеттеледі және мүлтіксіз орындалуын жүргізеді.

Студенттің ар-намыс кодексі

Студент-Қазақстан Республикасының патриоты. Ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары- әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді.

Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығында кәсіби шебер болуға, өз бойындағы үздік шығармашылық қасиеттерді дамытуға ұмтылады.

Студент үлкенді сыйлайды,қасындағыларға дөрекі мінез көрсетпейді.

Студент парасаттылықтың, мәдениеттіліктің, адамгершіліктің үлгісі, ол адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге төзбейді, адамдарды жынысына, ұлтына немесе діни ерекшілігіне қарай кемсітуге жол бермейді.

Студент саламатты өмір салтын ұстанады және барлық зиянды әдеттерден бас тартады.

Студент жоғары оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін күтіп ұстайды. Студент шығармашылық (ғылыми-біліми, спорт, көркемөнер және т.б.) белсенділікті дамытуға, корпоративтік мәдениетті және ЖОО беделін көтеруге бағытталған барлық қызметтің қажетті және пайдалы екенін мойындайды.

Студент академиялық теріс әдеттердің барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды: реферат, курстық жұмыс, дипломдық тағы басқа жұмыстар.

Студент аталған академиялық түрлерді мұқият қарап, сапалы және бәсекеге қабылетті білім ала отырып, Қазақстанның болашақ бетке ұстар экономикалық және саяси басқаруға лайықты маманы болуы қажет.

Туыстық немесе қызметтік қатынастарды пайдалана отырып себепсіз сабақтарды жіберуге және жоғары баға алуға ешқандай жол берілмейді.

Оқытушының ар-намысы

Оқытушының қызметтегі басты беталысы-студенттермен жұмыс, олардың мәдениеті мен білім алуына жағдай жасау, өз отанының шынайы патриоттарын тәрбиелеу.

Оқытушы кәсіби болуы қажет: өзінің теориялық білімін үнемі жұмыс барысында жоғарылатып және педагогикалық шеберлігін шыңдап отыруы қажет, ғылыми қызметін таза біліммен іздеу жолында және зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу қажет, лайықты түрде дәлелмен жеткізіп тұруымен, пікірінің туралығымен және адалдығымен.

Оқытушы- ұқыптылықтың, зеректіліктің, зиялылықтың моральдық үлгісі болуы қажет, Қазақстан мемлекетілігін активті насихаттаушы, жемқорлықтың түрлі бастауларына және тәртіпсіздік пен жауапсыздыққа қатаң қарсылық етуі қажет.

Оқытушы өзін студенттерге қажетті еңбек құқықтарын сақтауға үлгі ретінде көрсетуі қажет , жұмыс барысында ұжыммен сыйластық қатынаста болып, өзінің істеріне талап қоя білуімен және өз қателерін ашық мойындап, еш риясыз жөндеуі керек.

Оқытушы шыншыл болуы қажет, өзінің ұжымы мен студенттерге кәсіби әділ   бағасын қою керек, ол ұйымдастырушы, айтқан сөзі мен ісі сай болуы, қызметтік сұрақтарымен өз пайымын тіке ашық айтуы қажет және жеке көзқарасын дәлелдеуі қажет.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқытушының ар-намысы жайлы моральды ережелі жүйе бар, қоғамдық нормалармен шыншыл мінез құлыққа талап қою және міндеттеу, адамгершілік қағидаларын негіздеумен танылу.

Біз өзімізге оқытушылар мен студенттердің ар-намысымен жүру жолында базаға мәлімделген қағидалардың іске асуын жауапкершілікке аламыз. Біз өзіміздің оқу орнымыздың интелектуалды мықтылық пен әділеттіліктің үлгісі болу үшін, сондай-ақ еліміздің бетке ұстарлықтай жоғарғы оқу орнын құруға күш жұмылдыруға тырысамыз.

                 ТИГУ Ғылыми Кеңесінде қарастырылды және бекітілді

                                   25 қыркүйек 2014 жыл, хаттама №2.

                     

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер