...Хабарландыру! ... Құрметті әріптестер, магистранттар! ... Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Мақсат-міндеттер

Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің атқарар міндеттері

Университет кредиттік технологиялар бойынша оқытып жоғары оқу орнын және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі бағдарламалары бойынша маман кадрлар дайындайды. Оның негізгі міндеті өздігінен ізденіп оқып, білім алатын, өзіндік ұйымдастырушылық, ізденетін қабылеті бар білім алатын жастарды кредиттік жүйе негізіндегі оқуға тарту.

Университет міндеттері. Ұжымдық бірлескен мәдениеттіліктің негізінде заманауи жаңашыл технологияларды және ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) дамуындағы соңғы жетістіктерін қолдана отырып, бүгінгі еңбек нарығындағы талаптарға сай басекеге қабылеті бар, жан-жақты білімді мамандық иелерімен қамтамасыз ету.

Университет міндеттері кафедра, факультет және жекеленген құрылымдар мен құрылымдық бөлімнің дайындығындағы жоғары оқу орны жұмыс жоспарына байланысты алған университет стратегиялық бағыттарында көрсетіліп,онда мақсаттары міндеттері белгіленген.

Стратегиялық бағыттар университеттің барлық жұмыс істеу салалары мен бөлімдерін қамтиды:

-жоғары мамандандырылған және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарын, жоғары сападағы білім беру мен тәрбиелеуде қамтамасыз етуге бейімдеуде функциональды іс-қимыл әрекеттерін қамтамасыздандыру.

-университеттің білім беру ісіндегі ғылыми ақпараттық мәселелермен қамтамасыз етілуі.

-университеттің басқару жүйесін және алдағы мамандар әлеуетінің дамуын жетілдіру.

Бірінші стратегиялық бағыттағы мақсаттар мен міндеттер

Бірінші мақсат- өз білімін үздіксіз тереңдетіп, шеберлігі мен дағдысын жетілдіріп отыратын маман кадрларды дайындау және оның сапасын өздігінше ізденумен арттырып отыру.

Екінші мақсатта мына төмендегі мәселелердің шешімін табу негізінде орындалады.Олар:

-модульді оқып, жоспарын бітіруші түлектердің біліміне , біліктілігіне қарай жасау.

-ұйымдар мен мекемелердің және қазіргі заман мектептерінің талаптарына сай оқу жұмыс жоспарлары түрлерін есепке алу.

-шамаланған іс тәжірбие бағыттарында мамандарды дайындау және төменде аталған жайларға мән беру:

1. Білім беру үдерісінде оқу пәндерін интегралды жобалау курстарында және оларға дәріс беру әдістемелерін ендіру;

2. Білім беру қызметтерінде оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді жақсартады.

3.Дистанциондық (арақашықтық) технология негізінде оқытуды жетілдіру;

4. Университет пен жұмыс берушілер арасындағы бірлескен ынтымақтастық байланысты тиімді мазмұнда ендіру;

5. Оқу үдерісінде алдағы кезде де оқытудың алдыңғы қатарлы технологияларын және халықаралық индекстегі ғылыми үзінділерді (цитаталарды) пайдаланып отыру;

6.Университет кафедраларындағы ғылыми ізденіс жұмыстарын дамыту;

7. Ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижелерін кеңейте отырып ендіру;

8. Білімгерлердің ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту;

9.Ғалымдардың ғылыми гранттарды жеңіп алу жүйесін қолдау, дамыту;

Үшінші мақсат- тұрмыста болып жатқан  ғылым мен білімнің жаңа сападағы жетістіктері мен қоғамдағы ең соңғы жаңашыл (инновациялық)

құралдарды   пайдалану арқылы төмендегі мәселелерді қарастыру:

-ғаламтор желісіне жетудегі ішкі каналдарына жоғары жылдамдықпен мәліметтер беруде қамтамасыз етуді кеңейту;

   -жоғары оқу орындарын автоматты жүйемен басқару мақсатында компьютерлік телекоммуникацияны белсенді түрде қолданудың мүмкіндігін кеңейте түсу, жетілдіру;

   - Оқыту үдерісінде инновациялық білім беру формаларын қолдану:бейне конференция тәртібіндегі дәрістер, онлайн тәртібіндегі талқылау, факультет, кафедралардың компьютерлік мультимедиялық құрал жабдықтармен жарақталуын жақсарту, құрылымдық модернизациялау;

Төртінші мақсат-кітапхана қорын модернизациялау болып табылады. Ол біріншіден жинақтауды және жоғары оқу орындағы мамандықтарды ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ кафедра тапсырысы мен тематикалық жоспар бойынша жинақталған мемлекеттік тілде жазылған қазіргі заманғы ғылыми техникалық және оқу құралдары әдебиеттерін жаздырып алып отыру үдерісін басымдылық негізде тиімді ұйымдастырып отыру.

Үшінші стратегиялық бағыт бойынша мақсат пен міндеттер

Бірінші мақсат- ресурстар  (қаржылық,материалдық және материалдық емес активтер) шешімдер арқылы төмендегі мәселелер тарқатылады:

-университтетің дамуына қажетті нормативті-құқықтық базаны жетілдіре түсу;

-оны Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесіндегі қайта құру мәселелеріне, университет стратегиясына, материалдық және материалдық емес басқару жүйесін жетілдіру.

Бұл стратегиялық бағыттың екінші мақсаттарында

-университетің кадр саясатын жетілдіру және ғылыми педагогикалық кадрларды   даярлаудағы нәтижелері төмендегі жағдайларды шешу арқылы орындалады:

-Профессор оқытушылар құрамының (ПОҚ)  қызметінде ғылыми атақ дәрежесі бар иелерінің әлеуметтік статусын көтеру және олардың еңбектерінің бағалануы материалдық моральдық ынталандыру.ПОҚ-ның еңбегін бағалау жүйесін одан әрі дамыту бағдарламасы арқылы жетілдіреді:

-ғылыми педагогикалық кадрларды дайындау жүйесі жетілдіреді.Мақсат пен міндеттерінің дамуы негізгі мемлекеттік және өңірлік стратегиялық құжаттарға және ұлттық білім беру жүйесі мен өңірдің даму, сондай-ақ қолданыстағы басқару жүйесінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Бұдан басқа да миссиялар, айталық қолда бар ресурстар арқылы жоғары оқу орнының мүмкіндіктері және нарықтық талаптардың мақсаттары мен міндеттері толығымен сәйкес келеді.

Негізгі стратегиялық құжаттардың мақсаты мен міндеті мемлекеттің ,аймақтың мақсаттарымен ара қатынасының дәл келуі және ұлттық білімнің жүйесі және аймақтың өркендеуі мен ағымдық басқару жүйесі. Мұнан басқа миссияның мақсаты мен алға қойғаны түгелдей бар ресурстармен сәйкес келеді, яғни ЖОО-ның мүмкіндігімен және нарық талабымен.

Тиімділік миссиясын жүйелі бағалау білім берудегі мақсат пен міндеттер талдау және негізгі индикативтік көрсеткіштерге қажетті түзетулер жасау, әр жыл сайын болып тұратын ТИГУ-нің стратегиялық жоспары туралы мәселені қарайтын ТИГУ-нің Ғылыми кеңесінде қарастырылады.

                              

                            

                              ТИГУ Ғылыми Кеңесінде қарастырылды және бекітілді

                                   25 қыркүйек 2014 жыл, №2 хаттама.

Видеогалерея

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер