...Хабарландыру! ... Құрметті әріптестер, магистранттар! ... Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты

Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты

Nurzhan MuslimovМуслимов Нұржан Жомартович, т.ғ.д., профессор м.а., Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры.

ФУНКЦИЯЛАРЫ

1 Агро-биологиялық ғылыми-зерттеу институты Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Агро-биологиялық ғылыми-зерттеу институты университеттің оқу, зертханалық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады. 
2 Институт қызметкерлерінің және университет студенттерінің санитарлық нормаларға сай еңбек қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша заңнамаларды және нормативті актілердің сақталуын қадағалау.
3 Институттың Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және оны ары қарай жетілдіру және тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар беру;
4 Жарнамалық-ақпараттық қызмет, перспектива жасау, ақпараттық жинақтар, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру және Ғылыми өнімдерді республикалық және халықаралық көрмелерге ұсыну;
- Ғылыми және оқу зертханаларының материалдық базасын дамыту

МІНДЕТТЕРІ

Агро-биологиялық ғылыми-зерттеу институты төмендегі міндеттерді атқарады:
- Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің агро-биологиялық зерттеу жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру; 
- институттың ғылыми – зерттеу жұмыстарын , тәжірибелерін сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес жүргізілуін жүзеге асыру;
- жаңа технология түрлерін енгізу;
- жасалынған жұмыс жайында жарты жылдық және жылдық есебін өткізу;
- оқу үрдісінде Ғылыми-зерттеулердің нәтижесін белсенді қолдана отырып мамандарды дайындау сапасын жетілдіру, студенттерді ғылыми зерттеулер орындауға тарту;
- халық шаруашылығы үшін арнайы жоғары біліктілікті мамандарды дайындауды және кадрларды қайта дайындау мен біліктілігін жоғарылатуды қамтамасыз ету;
- ішкі және сыртқы нарықта жасалынатын Ғылыми өнімге деген қажетілікке байланысты маркетингтік зерттеулер ұйымдастыру;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін экспериментальдық базаларын кеңейтуде технологиялық құралдарды жетілдіру;
- ғылыми және оқу лабораториялардың материалдық базасын кеңейту;
- еңбек ұйымының әлеуметтік, мәдениеттік, тұрмыс-тіршілік жағдайларын жақсарту.

 

ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 11 қазан 2014 жылы жолдауында мазмұндалған стратегиялық мақсатқа сәйкес білімдік, ғылым мен  білім беруді, өндірісті интеграциялау (шоғырландыру) ғылыми-зерттеу және өндірістік ұйымдар әлеуетін біргеқолдануға мүмкіндік береді.


Қазақстан Республикасының Премерь-Министрінің бірінші орынбасары Сағынтаева Б. жиналыс хаттамасында  (кел. №11-5/05-1010 04.08.2014 ж.)  Интеграцияның (шоғырландырудың)  ең қажеттілігі білім беру, білім және бизнес, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетімен(ТИГУ)құрылған жаңа бағыттағы инновациялық ғылым –өндірістік -Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты (АҒЗИ). Құрылған  Институт  ғылыми-зерттеу және біліммен қамтамасыздандыру. Интеграцияның, біруақытта білім беру жүйесі білімін генерациялау мен ғылыми ұйымның материалдық-техникалық қорын кеңінен пайдалану қажеттілігін талап ететін талантты жастарға, студенттер мен магистранттарға сүйенеді.  Ғылым мен білім беруді интеграциялау (шоғырландыру) үшін ғылымның қазіргі материалдық-техникалық қоры мамандар даярлауда жан-жақты  қолданылуы, сонымен қатар, жетекші ғалымдар ғылыми ілімдерін оқу үдерісінде жеткізу, мазмұндау мүмкіндігін иеленуі шарт. Өз кезегінде  инновациялық және өндірістік бағытта ауылшаруашылық өнімдерін Жамбыл облысы бойынша қамтамасыздандыру.


2014 жылдың қыркүйек айында болған Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (АҒЗИ).  ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаев пен Байзақ ауданының әкімі У.Шукеевтің өзі қатысып, жүзеге асырылған жобаның өте өзекті екендігін, бұған қоса, жеміс-жидек өсіру саласын ғылыми қамтамасыздандыруды дамыту үшін бұл ұжымның алдына жаңа бастамашыл міндеттердің қойылып отырғандығын  мазмұндап, өз ризашылықтарын білдірді.  Қойылып отырған дәрумендік өнімдер өндіру мәселесі де құрылған ғылыми-өндірістік кешенде шешімін табады деп күтілуде. ТИГУ студенттері мен ғалымдары институтта жылыжай шаруашылығы технологиясын меңгере отырып,  жылыжай бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер мен фермерлерге семинарлар ұйымдастыратын болады.  Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының мамандары  жемістердің бірнеше түрлерінің жабық орында жергілікті жағдайға қаншалықты бейімделуін зерттей келе, ауыл шаруашылық аймақтарға лайықты ұсыныстарын береді. Осы мақсатта  жылыжай жанына алма ағаштары отырғызылған. Ал, жақын күндерде үшінші жылыжай ашылмақ, оған арналған орын дайындалған.


Қазіргі таңда агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтын қалыптастырудың негізгі элементі болып өндіріс жағдайындағы агроөнеркәсіптік кешеннің білікті мамандарын мақсатты дайындау, яғни, тәжірибе барысында студенттердің өз білімдерін жетілдіруі болып табылады.  Институттың даму жоспарында ТИГУ, институт пен агроөнеркәсіптік кешен өндірісінің қарқынды технологиясымен жоғары білікті мамандар даярлау мен қайта даярлайтын өндірістік мекемелер біріккен инновациялық-білімдік құрылым құру қарастырылған.
Агроөнеркәсіптік кешен білімін жетілдіру мен таратудың аймақтық жүйесін құру үшін жүргізілген жұмыстар ғылыми-білімдік қызметтің кең ауқымдағы  бағыттарын қамтитын болады. Аталмыш инфрақұрылым шаруа қожалықтары мен  фермерлік шаруашылық басшылары мен мамандарын оқытатын семинарларды тұрақты өткізуге мүмкіндік береді.  Біліктілікті жоғарылату курсының тақырыптық жоспарында облыстағы агроөнеркәсіптік кешенге арналған аймақ үшін тұрақты, инновациялық технологияларды трансферттеу мен бейімдеу мәселелері қарастырылады.


2014 жылы қарашада Институт шоғырландыру мақсатында Отандық ғылыми серіктестікпен меморандумға қол қойды. Меморандум облыстағы агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроинновация» акционерлік қоғамымен және «Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Қазақ картоп және көкөніс ғылыми-зерттеу институты» секілді ішкі екі ұйымдарының ғылыми-техникалық, ақпараттық-аналитикалық және ережелер мен әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін өзара әрекеттерге арналған.

 
Ғылыми басымдықтар ретінде мынадай бағыттар анықталған:

1. Облыстағы жүзім және жеміс-жидек шаруашылығы:
- қойылған шаруашылық-құнды белгілерге ие жүзім және жаңғақ, жидек, жеміс дақылдарының жаңа генотиптерін жедел құру мен құрастырудың генетикалық әдістері;
- дәнді өсімдіктер мен жүзімнің өнімділігін, бейімделу әлеуетін жоғарылатудың физиологиялық және биохимиялық әдістері;
- өсімдіктің, жұқпалы және фитоплазмалық аурулар жағдайын тез анықтау әдістері;
- сапаны, экологиялық және өнімділік қауіпсіздігін басқару;
- Қазақстанның оңтүстік аймағын агроэкологиялық аудандастыру (аудан-ауданға бөлу);
- өнімнің  өнімділігін биологизациялау (үдерістер, әдістер, құралдар);
- дәнді дақылдар мен жүзімнің өнім беру үдерісін басқарудың бағдарламалық әдістерін әзірлеу және талдау;
- бақша және жүзім шаруашылығы саласында өнімдерді өңдеуге негізделген функциональды азық-түлік құрастыру;
- бақша және жүзім шаруашылығын жүргізудің ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері;

2. Картоп өсіру және көкөніс шаруашылығы саласында:
- картоп өсіру мен көкөніс шаруашылығындағы инновациялық технологиялар (агротехникадағы жаңалықтар, биотехнологиялық әдістер, өсімдіктерді қорғау);
- картоп және көкөніс дақылдарының селекциясы, картоп пен көкөністің шаруашылық құнды белгілерге ие генотиптерін жедел құру және құрастырмалаудың генетикалық әдістерін жетілдіру;
- жерді өңдеу және агрохимия (көкөніс және картопты ауыспалы егу, тыңайтқыштар жүйесі);
- көкөніс пен картоп өнімділігі мен бейімделу әлеуетін арттырудың физиологиялық және биохимиялық әдістері;
- өсімдіктің, жұқпалы және фитоплазмалық аурулар жағдайын тез анықтау әдістері;
- сапаны, экологиялық және өнімділік қауіпсіздігін басқару;
- картоп және көкөніс өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау, механизациялау, автоматизациялау;
- көкөніс және картоп шаруашылығындағы менеджмент пен маркетинг, картоп және көкөніс шаруашылығының ұйымдастырушылық-экономикалық

Бүгінде АӨК саласы бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін қаржыландыру көздерін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. ТИГУ агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен түрде экономиканың шикізаттық емес секторында аймақтық бизнестің тұрақты өсуін нығайту іс-шараларын жүргізіліп келеді.

АгроҒЗИ-нің аумағында қысқа бойлы жеміс және дақылды ағаштардың бағы отырғызылған. 50-ден астам түп Голденделишен» сортты алма, 15 түп «Талгарлық» және  «Орман сұлуы» сортты алмұрт ағаштары егіліп, шабдалы ағаштарына бақылау жүргізілуде. 
Қазіргі таңда құрылған Оңтүстік-Корейлік технологиясы бойынша екіқабатты жылыжай комплексі Жамбыл облысының тез өзгермелі жағдайына байланысты құрылған.Осы жылдың ақпанынан наурыз айы бойына шалғамның (3 түрлі сорты), дәмдеуіш шөптер – петрушка мен укроп өсірудің тәжірибелері жинақталды. Қиярдың «Кураж», «Хелен» сорттарын өндірудің технологиясы жүзеге асырылып, нәтижесінде 3000 кг қиыр алынып, жергілікті базарлар мен сауда орындарына таратылып, айрықша дәмге ие өнім ретінде ұсынылды. Осылармен қатар, қызанақтың «Боран», «Матиас» сорттары сынақ үшін алынып, өндіріс технологиясын әзірлеу жұмыстары қолға алынуда. Жабық орында көкөніс өндірісін бейімдеу технологиясына университетте дайындалатын «Биология» мамандығының 1-3 курс студенттері де тартылған.

Осы көктемде көлемі 1,0 гектардан астам жерге 780 түп «Старгринсон» сортты орта бойлы  алма ағаштары отырғызылды. Бұл бақта ТИГУ «Биология» мамандығының  студенттері жазғы тәжірибелері барысында көкөніс, жеміс-жидек және жүзім шаруашылығының тәжірибелік істерінің әдістемесін меңгеріп, фитопатология, фитосанитария, өсімдік өсірудің агрохимиясын зерттеудің әдістерін орындау дағдыларын жинақтайды.

Жеміс-жидектік және көкөністік өнімдер стандартының жалпы салмағы мен оларды сынақтан өткізудің 70-80 жылдардағы  тәсілдері қазір өзектілендіруді талап етуде. Осы және Институт қорында  техникалық реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында  көкөніс, жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы бойынша стандарттаудың Техникалық комитетін құру жоспарланған. Оның қызметі экономиканың нақты саласында мемлекеттік стандартты  қайта қарау және әзірлеудің сапалық деңгейін жоғарылатуға, олардың қазіргі заманғы жетістіктерінің халықаралық стандарт талаптары  ескерілген  ғылыми-техникалық деңгейде  болуына бағытталады.  Техникалық комитет құруға қажетті құжаттар мен дәлелдеме қоры Қазақстан Республикасының метрология мен техникалық реттеу Комитетіне тапсырылған. Ол құжаттар тексерілуде.

Көкөніс, жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы бойынша құрылған Техникалық комитет стандарттау нысаны ретінде төмендегідей бағыттарда анықтау жұмысын жүзеге асыратын болады:

1. Жемістер мен көкөністерді,  жүзімді жабықжәне ашық топырақта өсіру тәсілдері мен технологиясы; жеміс-жидектік, көкөніс және жүзім шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен стандарты;

2. Жеміс-жидектік, көкөніс және жүзім шаруашылығының тәжірибелік қызметінің әдістемесі:

2.1 Жеміс-жидек өсірудегі аспаптық әдістер, оның ішінде:
- жемістік өсімдіктердің жер беті жүйесі;
- жыл бойында жер беті бөлігінің өсу мен даму сипатын және биотикалық, абиотикалық және антропогенді әсерлер онтогенезін меңгеру;
- дақылды өсімдіктердің тамыр жүйесі;
- топырақтық жағдай әсерінен жеміс өсімдігінің тамыр жүйесінің өсуі мен дамуын меңгеру;
- телу мен ұластырудың өзара әрекеті;
- тамыр және жер беті жүйесінің  корреляционды өзара байланысын зерттеу, жерсінбеу белгілерін бағалау, өнімді метаболизмге бөлу;
- жемістік өсімдіктердің суыққа және аязға төзімділігі;
- фенофаздың жүру,  жемістің көп жылдық бөлігі мен жекелеген ұлпаларының үсу деңгейінің жағдайын бағалау;

2.2 Көкөніс шаруашылығында қолданылатын аспаптық әдістер, бұның ішінде:
- топырақ пен өсімдік, олардың аспаптық қамтамасыздандырылуы;
- сараптама үшін топырақтық және өсімдіктік үлгілерді дайындау;
- көкөніс дақылдарының өсу үдерістері;
- көкөніс дақылдарының даму үдерістері;
- көкөніс дақылдарының биохимиялық құрамы;
- тұқым сапасын бағалау;

2.3 жүзім шаруашылығының тәжірибелік және т.б.:
- биометриялық, агробиологиялық, фенологиялық және увологиялық зерттеу жүзім шаруашылығында;
- сапасы мен стандарты  жүзімнің тәжірибелік стандарты ;
- жүзімді кесуге арналған құрылғы;
- ампелографиялық зерттеу сорттыанықтау және білу;
- жүзімді физиологиялық тұрғыда зерттеу;;

2.4қолданбалы интрадукция өсімдігі;

3. фитопоталогиялық, фитосанитарлық, агрохимиялық бақ шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы және жүзім шаруашылығында;

4. Биологиялық және химиялық стандарты (гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, зооцидтер) құралдары және жемістер мен жүзім қорғау әдістері;

5. минералды тыңайтқыштар стандарты, өсу стимуляторлары, биологиялық препараттар, қолданбалы бақ шаруашылығында, көкөніс шаруашылығы және жүзім шаруашылығында;

6. топырақ және егін жинау техникасы механикаландыру құралдары стандарты, қолданбалы бақ шаруашылығында, көкөніс шаруашылығы және жүзім шаруашылығында;

7. жеміс көкөніс және жүзімсынамаларды іріктеу және сапасын бақылау әдістері;

8. Стандарттар технологиялар мен механикаландырылғанегін өсіру жемістер мен көкөністерді сақтау және жеміс өсіру типтік процестердің түрлері үшін, көкөніс шаруашылығы және жүзім шаруашылығында;

9. Жылыжай шаруашылығы/ өндірістік:
- кіші көлемді субстрат, ауылшаруашылығы дақылдарының  және кіші көлемді гидропоникалық жүйесі қоректік заттардың ерітінділері қорғалған жерге өсіріледі;
- жаңа технологиялық жүйелер мен компоненттер жабдықтау үшін, ашық және жабық топыраққа арналған жылыжай суару жүйелерін тамшылатып суару, портотивті өлшеу аспаптары, (жылыжайды көлеңкелеу және скринингтіктеу);
- автоматтандыру  ылғалдандыру жылыту жылыжайларда басқару және бақылау жүйелерін микроклиматтың (жылу, ауаның кейінгі ылғалдануы, ауа желдету);
-мөлдір пластикалық және металл және подшипник  дизайн жылыжайы;

10. тауар  өңдеу және бау-бақша өндірістермен жүзім тауарлары, көліктік бақылау әдістерін технологиялық жеке операциялар, сондай-ақ агрохимиялық талдау  ;

11.жемістер мен жүзім сақтау және тасымалдау орау ережелері, олардың құрылымымен сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету үшін;

12. анықтамалық бағбандық және жүзім шаруашылығы ұйымдастырушылық экономикалық негіздері;

Осы секілді жүзім шаруашылығына қатысты техникалық реттеу көрсеткіштері де басшылыққа алынып, қолданылатын болады.
Құрылған Техникалық комитет жұмысы облыстағы жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығын техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламаларына өзекті ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.  Ал сала мамандары облыстағы жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығының бекітілген құқықтық актілерін сараптап, әзірлеуге қатысады. 

Техникалық комитет жұмысына университеттің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы студенттері мен магистранттары да қатысып, тәжірибе барысында төмендегі бағыттар бойынша дағдылар жинақтайтын болады:

- биологиялық және химиялық (гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, зооцидтер) құралдар мен жемістерді, көкөністер мен жүзімді қорғау әдістері стандарттары;
- жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығында қолданылатын биологиялық дәрі-дәрмектер, өсу тұрақтандырғыштары, минералды және органикалық тыңайтқыштар стандарттары;
- жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығында қолданылатын топырақ өңдейтін және жеміс жинайтын машиналар, механикаландыру құралдарының стандарттары.

Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының дамуында ең маңызды мәселе материалдық-техникалық базаны жетілдіру саналуда. Құрал-жабдықтық қорды жаңарту мен үйлестіру алдағы уақытта да сапаны бағалау жүйесі  мен жеміс-көкөністік және жүзім өнімдерінің азықтық қауіпсіздігін жетілдіретін болады.
Осылармен қатар, жекелеген мәселелер бойынша  жетекші салалық отандық және шетелдік орталықтармен бірлескен түрде зерттеу топтары мен арнайы зертханалар құру жоспарланып отыр.
Қазіргі талаптар бойынша агроөнеркәсіптік кешенге қатысты энергия көздері технологиясын дамытуға арналған жоспар  жасалған. Бұл бағытта агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты негізінде энергияның дәстүрлі емес, жаңаша көздері Орталығы өз жұмысын бастады.
Қорыта айтқанда, агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты экономиканың жекелеген үш саласының қарапайым тоғыстырылуы емес, бір-бірімен өзара байланысты және бірін-бірі жетілдіретін үдерістер кешені. Технология қорғалған жерге нәтижесінде көкөніс өндірудің өзіндік құны құрылымында үлес салмағы 70%- ға дейін құрайды. Ғылым мен білім өзара байланысты және олар бір-бірінсіз пайда бола алмайды.  Ғылым мен білім беру қызметін дамытудың көптеген мәселелерін шешу олардың тиімді өзара әрекетіне тікелей байланысты болады. Ғылым білім беруді  жаңа ілімдермен толықтырып, оқытудың жаңа, нәтижелі әдістерін әзірлейді, ал білім беру болса ғылымды жасайтын  жас мамандар даярлайды. Тек ғылым мен білім беруді жедел дамыту түрліше инновациялық жобалар мен бағдарламаларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес, ТИГУ-дің қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті  мамандар даярлау  қызметі  агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының белсенді жұмысы арқылы анағұрлым кең тұрғыда жүйеленіп, агроөнеркәсіптік кешенге жаңа технологияларды әзірлеу мен жеткізуде облыстың қажетті сұраныстарын қамтамасыз етуде (сурет 1). 
Дегенмен, қазіргі қоғамның басты талабына саналған ғылым мен өндірісті, білім беруді шоғырландырудағы бұл алғашқы қадамның бірі. Бұған қоса, ТИГУ мамандары мен студенттерін жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын шоғырландыру, сондай-ақ, негізгі және қолданбалы зерттеулер, бизнеске ғылыми ілімдерді жеткізудің тәжірибелік-құрастырмалық жұмыстарын  жүргізуді жедел жүзеге асыру міндеті күтуде. 
Жобаның бірегейлі болып табылуы жылыжай комплексі автономды жылудыөндіру арқылы, электр энергиясын қазіргі жаңа инновациялық автоматтандырылған аналитикалық жүйеде және күн сәулесінің жылу энергиясын сәуле коллекторларын пайдалану арқылы  (құрамында энергетикалық гелио жүйе) өндіру және басқа альтернативті энергия көздерін пайдалану, жылыжайдағы өсірілетін өсімдіктердің вегетациялық өсу мерізімін қысқартады, сонымен қатар алынатын өнімнің құны 2-3 есеге азаяды.


agrobiostansia pic 1Сурет 1 – Альтернативтік энергия көзіндегі жылыжай


agrobiostansia pic 2Сурет 2 –Күн сәулесі батереясындағы жылыжай (жоғарғы жағынан көрініс)


АгроҒЗИ- ның «ғылым-білім-өндіріс» бағытындағы үш бөлімі жай экономикалық байланысты көрсетпейді, яғни бір-бірімен байланыстағы бірін-бірі толықтыратын комплексті процесті көрсетеді.
Ғылым мен білімнің тығыз байланысы және ғылыми жаңалықтарды өндіріске ендіру, оның прогресивті әдістерін оқу процесстерінде пайдалану бүгінгі жағдайда жас ғылыми кадрлар даярлауға әсері мол. Тек дамыған ғылыми-техникалық жаңалықтар ғылымның дамуына және инновациялық жобалар мен програмалардың өндіріске енуін жеделдетеді.
Сонымен ТИГУ-де мамандарды даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде АгроҒЗИ-нің атқаратын рөлі зор.

Видеогалерея

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер