Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

КОНФЕРЕНЦИЯ

ТИГУ «Ұлы Жібек жолы және Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында» атты халықаралық конференция өткізеді

124Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бастамасымен (ТИГУ) Жамбыл облысын әкімдігі, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Түркия Жазушылар Одағы, Варшава университетінің Археология институты (Польша), Санжы университеті (Қытай), Әзірбайжан ҰҒА Археология және этнография институты, «Археологиялық сараптау» ғылыми-зерттеу ұйымымен бірлесе отырып 22-23 мамыр күндері «Ұлы Жібек жолы және Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында» атты халықаралық тарихи-археологиялық конференция өтеді. Конференцияның салтанатты ашулы рәсімі 22 мамыр күні сағат 10:00-де Тараз қалалық мәдениет үйінде (Рахимов к-сі, 55) болады.
Конференцияға Жамбыл облысының әкімі, Түркия, Әзірбайжан, Польша, ҚХР және Қазақстан ғалымдары қатысады деп күтілуде. Екі күнге созылатын іс-шара барысында шетелдік қонақтарды қаланың көрікті жерлерімен таныстыру бағдарламасы жоспарланған.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер