ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ
Жобаның мақсаты: елдің барлық білім беру ұйымдарының түлектерін ақпараттандыру арқылы қажетті мамандықты таңдауда кәсіптік бағдар беру.
Жобаның міндеттері:
1. Түлектердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға жан-жақты жағдай туғызу;
2. Құзырлы органдардың мүмкіндіктерін түлектерге кешенді ақпараттар ұсынуға жұмылдыру;
3. Жас мамандардың жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай жасау;
4. Елдің барлық білім беру ұйымдарының түлектерін жан-жақты ақпараттандыру арқылы қажетті мамандық таңдауда кәсіптік бағдар беру;
5. Еңбек нарығының қажеттіліктерін нақты көрсете отырып, жұмыс табуына жағдай туғызу;
6. Жас мамандарға бағытталған мемлекеттік қолдауларға қол жеткізуге мүмкіндіктерді арттыру, сондай-ақ жастардың өз болашақ мамандығын саналы таңдау үшін жан-жақты жағдай жасау;
7. Қазіргі уақытта өңірлер мен республикада замануи еңбек нарығы және талап етілетін мамандықтар туралы мектеп оқушыларының хабардар болу деңгейін арттыру.