Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-44

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Таразский инновационно-гуманитарный университет

Главная / Медиа / ОБЪЯВЛЕНИЕ / «Абай тағылымы» атты облыстық фестиваль өткізгелі отыр.

«Абай тағылымы» атты облыстық фестиваль өткізгелі отыр.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға, Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай тәуелсіз ел руханиятындағы кемеңгер ақын шығармашылығының маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және Елбасы Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Абай тағылымы» атты облыстық фестиваль өткізгелі отыр.
«Абай тағылымы» фестивалі нақты 2020 жылдың 11 наурыз күні сағат 09.00-де ТИГУ-дың бас оқу ғимаратында өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Байқауға облысымыздың ЖОО, колледж студенттері, мектептің 9,10,11 сынып оқушылары қатыса алады. Байқау төрт бағытқа топтастырылып, өткізіледі.
Аталған іс-шараға қатысатын үміткерлердің сұраныстарын наурыз айының 1-не дейін өткізулерін сұраймыз. Сұраныс хаттағы кестенің толтырылу үлгісі, ережесі және мекенжай қосымшада тіркелген.

Абай тағылымы» фестивалінің өткізілу тәртібі

Байқауға облысымыздың ЖОО, колледж студенттері, мектептің 9,10,11 сынып оқушылары қатыса алады. Байқау төрт бағытқа топтастырылып, өткізіледі.

Фестивальдің мақсаты:
Ел ертеңі өскелең ұрпақты ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы саналы етіп тәрбиелеу. Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын таныту.
Ақынның көркем-әдеби туындыларындағы рухани құндылықтарды үміткерлердің бойына дарыту. Жастардың шығармашылық өсуін қолдау және ынталандыру, талантты да талапты жастарды өнерге баулу болып табылады.
Ұстаздардың шығармашылық қабілетін арттыру.

1-бағыт талабы:
Байқауға еркін форматта Абайдың қарасөздерінен, өлеңдерінен, жалпы шығармашылығынан Абай бейнесін танытатын сахналық қойылым қою;
Драматургтердің пьессаларынан Абайдың тұлғасын даралайтын үзінділерді сахналау;
Моноспектакль жанрында Абайдан монолог, понтомима, этюд, мимимка т.б. орындау;
Қойылым ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы керек;
Қойылымға қатысушылар санына шектеу жоқ;
Үміткерлер қойылымға қажетті музыка, жарық, дыбыс эффектілерін пайдалана алады;
Дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.
2-бағыт талабы: Абай қарасөздерін жатқа оқу. Бұл бағыт бойынша үміткер ақын қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқуы тиіс. Үзінді 3-5 минуттан аспауы керек. Орыс, ағылшын тілінде де оқуға болады.
3-бағыт талабы: «Абай – жаңа қоғамның жанашыры» тақырыбында эссе жазу байқауы. Бұл бағыт талабы бойынша үміткерлер жазған эссе Абайдың ақындық, қаламгерлік, философиялық, қайраткерлік болмысы, т.б. қырлары мен шығармашылық сырларын жан-жақты ашуы тиіс. Эссені орыс, ағылшын тілінде де жазуға болады.
4-бағыт талабы: Ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты ашық сабақтар мен сыныптан тыс сағаттардың жоспарлары бойынша мектеп мұғалімдері мен ЖОО, колледж оқытушыларына өткізіледі. Жоспарлар алдын ала «Шерхантану» ҒЗО жинақталып, үздік деп танылған сабақтардың авторлары 11 наурыз күні марапаттауға шақырылады. Жұмыстар 5 наурызға дейін орталық мамандарының электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Әр бағыт бойынша тағайындалған әділқазылар алқасы шешім шығарады. Жекелеген номинациялар бойынша да марапаттаулар жүргізіледі.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастыру алқасы

 Сұраныс үлгісі:

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас оқу ғимараты, Желтоқсан көшесі 69Б, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы, 202 бөлме немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электрондық поштасына. Байланыс телефондары: 8 (7262) 54-30-39, 87770850401, 87771704185. «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айнұр Тұрарқызы Кембаеваға