Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-44

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Таразский инновационно-гуманитарный университет

Главная / О ТИГУ / Ректорат / Ректор

Ректор

 

Ерболат Саурықов

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры 

Өмірбаян

Саурықов Ерболат Байұзақұлы - филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА «Құрметті мүшесі», Жамбыл облыстық маслихатының депутаты.

Е.Б. Саурықов 1971 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1978-1988 жылдары Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алған.

1989-1994 жылдары аралығында Жамбыл педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік дипломмен аяқтап, өзінің алғашқы ғылымдағы жолын 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының ғылыми ізденушісі ретінде бастаған.

1995-1998 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің күндізгі бөлім аспиранты және Президенттік стипендияның иегері.

1998 жылы білім саласын қаржыландыру бағытындағы Халықаралық СОРОС-Қазақстан қоры грантының жеңімпазы атанды.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Түркі тілдері» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

1998-2000 жылдары университет жанындағы «Көне түркі жазба ескерткіштері» ғылыми-зерттеу орталығында ғылыми қызметкер және «Жалпы тіл білімі» кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған.

2000-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі және осы кезең аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.

2001-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тест орталығы» және «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы қызметтерін атқарған.

2004-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, ал, 2006-2010 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтында «Құқықтану және тарих», «Филология» факультеттерінің деканы, институт директорының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жалпы тіл білімі» кафедрасының жанындағы диссертациялық кеңесте түркі тілдерінің тарихы бағыты бойынша докторлық диссертациясын табысты қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми атағын иеленді.

2011-2012-жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бірінші проректоры қызметін атқарған.

Қазіргі таңда филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Саурықов Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры қызметін атқарып келеді.

Е.Саурықов университет ректоры ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, балалар үйінің бітірушілері мен жетім балалардың тегін оқуын қамтамасыз етіп, сондай-ақ, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан студенттердің оқу төлемақысына

жеңілдіктер қарастырып келеді. Жыл сайын үздіктер мен белсенділерге университет гранты тағайындалып, тегін оқытылады.

Е.Б.Саурықов - ғылыми ізденіс жасап жүрген түркітану, тіл тарихы, салыстырмалы грамматика, жоғарғы мектеп педагогикасы салалары бойынша 100-ден астам ғылыми мақалалар мен еңбектердің авторы. Сонымен қатар, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының Қазақстанның оңтүстік өңірінде орындалуына жетекшілік жасап жүрген зерттеуші ғалым. Е.Саурықов мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында туған жері – Мойынқұм ауданындағы «Құралай сұлу» тарихи ескерткішіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп, қайта қалпына келтірді.

Бүгінгі таңда Е.Саурықов өскелең ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру мен тәрбиелеу және өңірдің әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайының жақсаруына қосқан үлесі үшін мынадай мемлекеттік марапаттар мен Құрметті атақтарды иеленген:

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаты, 2005ж;

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтың алғыс хаты, 2007ж;

Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының «Жоғары оқу орындарындағы жаңашыл жұмыстары үшін» төсбелгісі және «Еңбегі және білімі» ордені, 2013ж;

ҚР «Қазақстан даңқы» ордені, «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» төсбелгісі, 2013ж;

Аймақтық Менеджмент Академиясының «Басқарушы ой-пікірін дамытудағы еңбегі үшін» Ф.Тейлор атындағы алтын медалі, 2014ж;

«Сапа үшін еуропалық гран-при» Женева, 2014ж;

«Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы», 2014 ж;

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 2015ж;

«Ерен еңбегі үшін» медалі, 2015ж;

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, 2016ж;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, 2016ж;

Тараз қаласының «Жыл адамы», 2017ж;

Республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» номинациясының лауреаты, 2018ж;

«Жыл патриоты», 2018ж;

ЖОО қауымдастығының А.Байтұрсынұлы атындағы алтын медалі,2018ж;

Тараз қаласының Құрметті азаматы, 2019ж;

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі, 2020ж.

Отбасылы. 4 бала тәрбиелеуде.