1 ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-44

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Тигу туралы / Ректорат / Ғылым, инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

СЕРІК ДҮЙСЕНАЛЫҰЛЫ ТӘЖІБАЕВ

1951 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Луговой ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірді.

Экономикалық ғылымдар докторы, профессор.

Еңбек өтілі:

· Жамбыл облысы Мемлекеттік банкінің Бас бухгалтериясында механизация есебін жүргізу бойынша аға инженер (1974)

· Мемлекеттік банктің Қазақ республикалық кеңсесінде Өндірістік бюро басшысының орынбасары (1975).

· Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында басшысының орынбасары (1976)

· Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында Есеп-экономикалық факультетінің декан орынбасары (1985-1991).

· Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс институты экономика факультетінің деканы (1991-1997)

· Жамбыл мемлекеттік университеті экономика-құқық институтының директоры (1997-1998)

· М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Экономика және бизнес» институтының деканы (1998-2000).

· А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының оқу жұмыстары жөніндегі проректоры (2005-2010).

· Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ғылым, халықаралық байланыс және стратегиялық өсу бойынша проректоры (2010-2011)

· М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі (2011-2015).

· Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі (2015-2019)

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз инновациалы-гуманитарлы университеті ғылым, инновация және халықаралық байланыстар проректоры қызметін атқаруда .

2004 жылы АҚШ-тың Индиана университетінде оқу және ғылымы тағлымдамасын өтті (ақпан-маусым).

2007 жыл мен 2010 жыл аралығында Тәжібаев С.Д. А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңесінің төрағасы болып табылды.

«Ғылымның өсуіне атсалысқаны үшін» (2003ж.), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008ж.), «Ы. Алтынсарин» (2018ж.) Қазақстан Республикасы БҒМ белгілер иегері. «2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды.