1 ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-44

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Тигу туралы / Университет құрылымы / СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

  

 

Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында университет ұжымының шешімі бойынша 2018 жылдың 26 қарашасында қала орталығында орналасқан «Тараз» қонақ үйі кешені студенттік жатақхана үшін реконструкциялау арқылы – 430 млн. теңгеге сатып алынды. 2019-2020 оқу жылында жалпы ауданы 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді.
Студенттер үйі ТИГУ студенттерінің танымдық, мәдени және әлеуметтену орталығы болып табылатын заманауи үлгідегі кешен. Студенттер үйі ТИГУ студенттерінің барлық қажеттіліктерін бір орталықтан алуына толық мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін түрлі нысандардың қызметі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Студенттер үйінде студенттерге қызмет көрсететін нысандар:
Электрондық оқу залы (тәулік бойы жұмыс істейді);
Коворкинг орталығы (бизнес-тренингтер мен шеберлік кластарын, интеллектуалды ойындар мен пікірсайыстар өткізуге, ағылшын тілін үйренуге арналған);
«Cinema Hall» кино залы;
Видео студия (Оn-line семинарлар мен вебинарлар өткізуге арналған)
Конференц-залы;
Студенттік асхана;
«Адалдық дүкені»;
Кофейня (бос уақытта демалып, өзара пікір алмасу үшін);
2 қабатты душ бөлмесі;
гимнастика залы;
студенттердің сұлулық салоны;
шағын футбол алаңы;
қызығушылығы бойынша үйірмелер мен клубтар.

Студенттер үйінің мақсаты:
Студенттер үйін тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
Студенттер үйінде тұру үшін қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау;
идеологиялық және тәрбие жұмысын жүзеге асыру; Студенттер үйі тұрғындарына педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсету.

Студенттер үйінің міндеттері:
Студенттер үйі тұрғындарының тұрғын-жай және мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Студенттер үйі тұрғындарының ішкі тәртіп және Студенттер үйі Ережесінің сақтауын қамтамасыз ету;
Студенттер үйі тұрғындарымен идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларды педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру;
тұрғын-жай және мәдени-тұрмыстық қызметтерді жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, эстетикалық безендіру, іргелес аумақты абаттандыру.

 

Ахметбеков Мухан Ермекбайұлы - Студенттер үйінің директоры

Білімі:
Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институты 1979-1984жж., «Ғалым-агроном» мамандығы;
Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институты 1989-1991жж., «Экономист-ұйымдастырушы» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі:
Жалпы жұмыс тәжірибесі: 41 жыл
Аталған ұжымдағы жұмыс тәжірибесі: 2 жыл

1984-1989жж. агроном, бас агроном;
1989-2018жж. экология Комитетінің бас маманы, ҚР ҚМ Талдықорған АЭБ бастығының орынбасары;
2018 жылдан бастап ТИГУ Студенттер үйінің директоры.

Электрондық почтасы:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

Батенов Жарбол – Студенттер үйі директорының орынбасары
Электрондық почтасы:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

 

 

  

 

  Договор №___


Р Ұ Қ С А Т Н А М А


«Студенттер үйі»


ӨТІНІШ