COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Университет құрылымы / ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ САНАЛЫ ҰРПАҚ БӨЛІМІ

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ САНАЛЫ ҰРПАҚ БӨЛІМІ

 

Нуркина Роза Назарқызы 28.01. 1962 жылы Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. 1981-1986жж аралығында «Әрлеу өндірісінің химиялық технологиясы және жабдықтары», мамандығыгы бойынша Жамбыл жеңіл тамақ өнеркәсіп технологиялық институтын бітірген. 2012 жылы Шымкент университетінің «Биология» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2017 жылы И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» бойынша магистр дәрежесін алды.

1986 жылдан 2004 жылға дейін Ф.Дзержинский атындағы Алматы тоқыма өндірістік бірлестгінің өндіріс бастығы қызметін атқарды. 2004-2011жж. аралығында А.Яссауи атындағы ХҚТУ Тараз филиалы институтында «Тәрбие бөлімінің» бастығы қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

Марапаттары: AIS «PLATON» толық оқу курсын аяқтап, біліктілік емтиханан өткендігі туралы сертификат 2014ж.; Студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының «Үздік үйлестірушісі» номинациясының дипломы 2015ж., 2016ж.,Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Жамбыл областық кәсіподақ ұйымының «Құрмет Грамотасы» 2018ж; Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдық мерей тойына арналған «ТИГУ 10 жылдығы» төс белгісінің иегері, Тараз қаласы әкімінің «Құрмет грамотасы», Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары

қауымдастығының «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік менеджері» төс белгісінің иегері, 2019ж.

Электронды почтасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

  

«ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ САНАЛЫ» ҰРПАҚ БӨЛІМІ

Тараз инновациялық-гумианитарлық университетінің «Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімі факультеттердегі сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің, кураторлар кеңесінің, жастар ісі жөніндегі комитетінің және студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі мен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

«Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімі студент жастардың бойындағы -Қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу, жоғары азаматтық ұстанымды қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту жұмыстарында ҚР Президентінің «Қазақстан – 2030» - «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, университеттің тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, жоспарланып жүргізіледі.

Университетте студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында түрлі бағыттар бойынша үйірмелер мен клубтардың жұмыстары ұйымдастырылған. Атап айтқанда:

- Студенттік ректорат;

- Жастар ісі жөніндегі комитеті;

- «Жас Отан» Жастар қанаты;

- «Күлтөбе» пікірсайыс клубы;

- «Полиглот» клубы;

- «Әйгерім» қыздар тәлім-тәрбие орталығы;

- Студенттердің «Ақ ниет» қайырымдылық клубы;

- «Дауылпаз» студенттер театры;

- «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы жанындағы «Шераға» әдеби-шығармашылық бірлестігі;

- Ж.Баласағұн атындағы әдеби-шығармашылық бірлестігі;

- «Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі»;

- «Ақ кербез» би ансамблі;

- Вокалдық әншілер топтары;

- Адалдық алаңы

- «ТИГУ KZ», «Элита», «ТИГУ жастары» көңілді тапқырлар клубы және спорт секциялары жұмыс істейді.

Сонымен қатар универсиет жастары облыстық «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттік альянс ұйымдарының мүшесі болып табылады. Университетте жалпы қоғамдық жастар ұйымдары мен үйірмелер жұмысына тартылған белсенді студенттер саны жалпы студенттер санының 35% құрайды.

Университетте түрлі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Айта кетсек, «Білім» күні мерекесі, «Біз таланттыларды іздейміз!», «ТИГУ-дің жұлдызды кеші», «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты рәсімі, «ТИГУ аруы» сұлулық байқауы, профессор-оқытушылар мен студенттер арасындағы «Жұлдызды жұп» ән конкурсы, облыстық «Үкілі ару» сұлулық байқауы, «Диплом тапсыру» салтанаты және т.б.

«Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімі өз қызметтерін атқару барысында тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорына бағынады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Еңбек кодексін, стандарттау және білім мәселелері бойынша, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Жарғысын, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, әдістемелік және нормативтік материалдар негізінде университетте әзірленген ережелерді басшылыққа алады. «Тәрбие жұмыстары және

саналы ұрпақ» бөліміне университет ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын бөлім бастығы жетекшілік жасайды.

«Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімінің құрамында бөлім бастығы, маман және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы жұмыс істейді.

«Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімінің функционалдық міндеттері университет студенттері арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау сонымен қатар университетте өткізілетін мәдени, шығармашылық, танымдық және тәрбие жұмыстарына жетекшілік жасау. Университеттің кураторлық жұмысын жүргізуге атсалысу,жастар саясатының жұмысын жүргізу, факультет студенттерімен бірлескен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу. Шығармашылық байқаулар өткізу, студенттер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу, студенттердің еңбек жасақтарының қалыптасуына ықпал ету, көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау. Университет деңгейінде өткізілетін атаулы қүндерге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру, басшылық жасау. Облыстық, аймақтық және Республика деңгейінде өтетін іс-шараларға атсалысу. Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларын ұйымдастыру, қала және облыс құқық қорғау органдары басшыларымен тұрақты байланыс орнату болып табылады.

 

Бөлімнің сипаттамасы: «Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімінде 3 қызметкер жұмыс жасайды. Олар: 

- Нуркина Роза Назарқызы – «Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімінің бастығы; 

- Мыркасимова Галима Анварбекқызы – маман; Электронды почтасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

- Мырзағұлов Жомарт Аманғалиұлы –дыбыс өңдеуші. Электронды почтасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

   

       

Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ бөлімінің маманы
Мыркасимова Галима Анварбековна

   

  

 

«Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімінің дыбыс өңдеушісі

Мырзағұлов Жомарт Аманғалиұлы