COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Университет құрылымы / ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ

 

НҰРБЕКОВ ТАЛҒАТ БАЛТАБЕКҰЛЫ Әлеуметтік даму және студенттермен жұмыс департаментінің бастығы.
Білімі:
2009 жылы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтының қазақ тілі және әдебиеті мамандығын бітірген.
2009-2011 жылдар аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде білім алып, филология ғылымдарының магистрі атанды.
Жұмыс тәжірибесі:
Жалпы жұмыс тәжірибесі: 11 жыл
Аталған ұжымдағы жұмыс тәжірибесі: 11 жыл

Еңбек жолын 2009 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде тәрбие жұмысы бөлімінің маманы ретінде бастаған.
2014-2018 жылдар аралығында аталған университеттің ректоры көмекшісі қызметін атқарды.
2018 жылы ректор аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2020 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Әлеуметтік даму және студенттермен жұмыс істеу департаментінің басшысы лауазымына ауысты.

Марапаттары:
2015 жылы Ұлттық тестілеу орталығы директорының
2017 жылы Тараз қаласы әкімінің, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Электрондық почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Департамент туралы жалпы мәлімет
Әлеуметтік даму және студенттермен жұмыс департаменті (бұдан әрі-ӘДжСЖД) университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және университеттің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, студенттерге арналған әлеуметтік бағдарламаларды енгізу және жүзеге асырумен, тәрбие қызметін дамытумен, мәдени-бұқаралық, спорттық және патриоттық жұмыстарды үйлестірумен айналысады.
ӘДжСЖД мақсаты

Университетте өзін-өзі жүзеге асыруға, білім алушылардың тұлғасын және студенттер мен университет қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытуға бағытталған, даму басымдықтарымен анықталған ТИГУдың стратегиялық даму жоспарына сәйкес оңтайлы әлеуметтік және тәрбиелік ортаны құру.

ӘДжСЖД міндеттері

білім берудің жаңа жағдайларында ТИГУ-дың тәрбие қызметін және білім берудің құзыреттілік тәсілін дамыту;
студенттердің жалпы мәдени құзыреттіліктерін қалыптастыру;
студенттерді университеттің тәрбие және студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметіне тарту;
университет студенттері мен қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету.


Әлеуметтік даму және студенттермен жұмыс департаментінің
құрылымы
Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ бөлімі
Баспахана бөлімі
Спорттық бұқаралық жұмыстар орталығы
Студенттер үйі
Дәрігерлік пункт