COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

TARAZ INNOVATIVE-HUMANITARIAN UNIVERSITY

Home / ABOUT US / Университет құрылымы / ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДР ЖҰМЫСТАРЫ БӨЛІМІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДР ЖҰМЫСТАРЫ БӨЛІМІ

 

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары» бөлімінің бастығы – Сихаева Құндыз Мейрханқызы.

  

Туған жылы және жері:29.05.1975ж. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмановка селосы.

Білімі:жоғары, заң ғылымдарының магистрі.

1992-1996 жж. - «Элтекс» жоғары кәсіпкерлер мектебі, «Маркетинг және коммерция» мамандығы

2002-2004 жж.- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Қаржы және несие» мамандығы.

2012-2014 жж.- Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Құқықтану» мамандығын аяқтап, заң ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолы:

1996-1997 жж. «Бірлік » тұтынушылар кооперациясы мен сауда кәсіподақ ұйымының Алматы облыстық комитеті «Әкімшілік-шаруашылық» бөлімінің меңгерушісі;

1997-2002жж. Алматы қаласы, «Сакеш» ЖШС әкімші;

2003-2005 жж.- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетініңТараз институты , кадр бөлімінің маманы.

2007-2011 жж.-«Тараз қаласының әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемісі , іс-жүргізуші, жетекші маман, бас маман.                                                                                                        

2011 жылдан бері Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Ұйымдастыру және кадр жұмыстары» бөлімінің бастығы.
Рабочий телефон: +8 (7262) 541124

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі университеттің ғылыми педагогикалық кадрларын, оқу-көмекші персонал қызметкерлерін, шаруашылық қызмет және әкімшілік басқару аппаратын жасақтаумен айналысады. Қазақстан Республикасы Заңдары мен басқа да нормативті құқықтық актілерін, персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, ректордың бұйрықтары мен нұсқауларын, басшылыққа алады.Бөлім тікелей бірінші басшыға бағынады, есеп береді.

 

Бөлімнің штат бірліктері және қызметкерлері:

бас маман:   Іңкәрбекова Динара Нұрханқызы

маман:          Дуйсембиева Дамира Жасулановна

мұрағатшы: Мейрамбек Ақмарал Ардаққызы

 

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің мақсаты

 

- қажетті кадрлармен қамтамасыз ету және оның әлеуетін тиімді пайдалану арқылы, университет мақсаттарын іске асыруға ықпал ету;

- арнайы стратегияларды қолдана отырып жұмысшыларды іріктеу: халықты қызметпен қамтамасыз ету орталығына мәлімет беру арқылы,сондай-ақ, таңдау әдістемелерін қолдана отырып, мамандардың біліктілігін арттыру және бейімделуіне көмек беру.

  

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің функциясы

 

     - университет кадрларын біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттері негізінде іріктеп,

басшылыққа ұсыну;

   - алған мамандықтары мен кәсіптеріне байланысты қызметкерлерді қабылдауға, ауыстыруға бұйрық дайындау, тәжірибеден өту және біліктілікті көтеру жұмыстарын өткізуге атсалысу;
     - қызметкерлердің аттестациясын ұйымдастыру, аттестация нәтижесін сараптау, аттестациялық комиссияның шешімдерін іске асыру бойынша іс-шаралар жасау; 
     - бөлімнің жұмысын ғылыми-әдістемелік жақтан қамтамасыз ету, материалды-техникалық және ақпараттық базасын жаңарту, қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдана отырып жаңа кадрларды басқару әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу; 
     - бөлім жетекшілерінің нормативті құқықтық актілерін орындау, ректордың кадрлар саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері жөнінде бұйрықтарын дайындау;
- еңбек уәждемесін көтермелеу жүйесін енгізу;

   - қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес есеп жүргізу, демалыс кестесін ресімдеу.

 

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі қызметкерлерінің жетістіктері:

 

Ғылыми конференцияларға, семинарларға, мәдени іс-шараларға, әр түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатысу- қызметкерлердің жұмыс процесіндегі қарым-қатынасты толықтыра түседі. Біздің бөлімінің қызметкерлері университет өміріне белсене қатысып қана қоймай, біліктілігін арттыруды да ұмытпайды.

1.Бөлім басшысы Сихаеа Қ.М. – «Экономика және басқару» Қазақстандық білім беру орталығының біліктілігін көтеру сертификаты, 2016 жыл. 

2.Бөлім басшысы Сихаева Қ.М. – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты, 2017 жыл. 

3.Белсене үлес қосқаны үшін, 2017 жылғы ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада

Алау эстафетасын ұйымдастыру комитетінің алғыс хаты, 2017 жыл. 

4.Бөлім басшысы Сихаеа Қ.М. – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы» Білім және ғылым саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және аймақтың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін «Жаңа 2018 жыл» мерекесіне орай марапаттады.,2018 жыл 

5. Бөлім басшысы Сихаеа Қ.М. - «Жоғары білім берудегі көшбасшылық және менеджмент» курсында 72 сағат көлемінде біліктілігін арттырып білімін көтерді, 2020 жыл