COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

TARAZ INNOVATIVE-HUMANITARIAN UNIVERSITY

Home / ABOUT US / Университет құрылымы / БАСПАХАНА БӨЛІМІ

БАСПАХАНА БӨЛІМІ

  

Байлыбеков Ғани Рахметуллаұлы, 1981 жылы 29 казанда Жамбыл облысы Меркі ауданы Нововоскресеновка ауылында дүниеге келді. 

1998 жылы Тараз қаласындағы №49 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін бітірді. 

1998 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Тарих және география» мамандығына түсіп, оны 2002 жылы үздік дипломмен бітірді. Осы жылдар аралығында университет ішіндегі әскери кафедрасында оқып, лейтенант лауазымын алды. 2002 жылы «Тарих» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, оны 2003 жылы үздік дипломмен бітірді. Сол жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай оқып, оны 2004 жылы бітірді. 

2003-2005 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Отан тарихы» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2005-2009 жылдар аралығында А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында Баспахана меңгерушісі және «Тарих» кафедрасында 0,5 мөлшерде аға оқытушы қызметін атқарды. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Баспахана бастығы кызметін атқарып келеді.

 

«Баспахана» бөлімінің мақсаты мен міндеттері

Мақсаттары
  Жұмыс процесіне жаңа технологияларды ендіру арқылы баспахана  бөлімінің сапасын арттыру және қазіргі талаптарға сай тұтынушылардың талаптарын ескере отырып сапалы қызмет көрсету. Баспахана бөлімінің қуаттылығын жақсарту бағытында материалдық-техникалық базаны жетілдіру үшін төмендегі құрал-жабдықтарға сұраныс жасау. Баспахана бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатында мотивациялау және оқыту.
- бөлімдерден тапсырылған құжатты өз мерзімінде шығаруды 100%-ға орындау;
-  1 жылдық кітап шығару көрсеткішін шамамен 1500 данаға жеткізу.
- Университет кітапханасына бөлімнен шығарылған кітаптарды 1 жылда 800 дана өткізу.

 

Міндеттері
Баспахана бөлімі төмендегі міндеттерді атқарады:
-  Баспахана  бөлімінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
-  штат көлемін анықтап, бекітілген көлемде жұмысты бөлу;  
-  жаңа технология түрлерін енгізу;
-  жасалынған жұмыс жайында жарты жылдық және жылдық есебін өткізеді;
- университет қаражатына ғылыми, оқу-әдістемелік және арнайы әдебиеттерді қайта басып шығару;
- университет факультеттері мен ғылыми кітапхана, оқу-әдістемелік ғылыми және арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- автормен баспа жұмысы мәселесі бойынша кеңес өткізу. 

Бөлім қызметкерлері

Атқаратын қызметтері

Мекен-жайы, тел,e-mail:

Байлыбеков Ғ.Р.

Бөлім басшысы

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қанаева А.А.

маман

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қырықбаев Б.М.

маман

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жанбосынов Б.Б.

әрлеуші

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қосымшалар:

А-қосымшасы. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру   факультетінің ұйымдық құрылымы                                          

Б-қосымшасы. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру   факультетінің басқа бөлімдермен байланысы

В- қосымшасы. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің басқа құрылымдық бөлімдерімен байланысындағы шығыс және кіріс құжаттарын рәсімдеуі

Г-қосымшасы. Өзгерістер енгізу парағы

Д-қосымшасы.. Танысу парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

  1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

1.1 Баспахана Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады. 

1.2 Баспахана өз қызметінде тікелей университеттің ректорына бағынады. 

1.3 Баспахана жұмысын университет ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалып және қызметінен босатылатынын редакциялық баспа бастығы басқарады. 

1.4 Баспахана университет ректорына жасалған жұмыстарының нәтижелері жайында жылдық есеп береді.

 

2. ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ 

2.1 Бөлім құрылымы мен штат санын, РБ атқаратын іс-шаралардың көлемі мен ерекшеліктерін есепке ала отырып ректор бекітеді. 

2.2 Баспахана құрамында жұмыс атқарады. 

- бөлім бастығы 

- 2 маман 

- 1 әрлеуші

 

3 функциялары 

Оқу әдістемелік бөлімімен бірге жылдық басып шығарылатын оқулықтар жоспарын, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер тізімін өңдейді. 

Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің ғылыми кеңесінде бекітілген, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына енгізілген оқулықтарды, әдістемелік нұсқауларды ғылыми және арнайы әдебиеттерді жылдық тақырыптық жоспарға сай басып шығарады. 

Қызметкерлердің санитарлық нормаларға сай еңбек қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша заңнамаларды және нормативті актілердің сақталуын қадағалау.

 

4 ҚҰҚЫҚТАРЫ 

Баспахана құқылы: 

- университет басшыларына назарына редакциялық баспа жұмыстарын сапа жағынан жетілдіріп отыруға байланысты ұсыныстар жасауға 

- қызметитік маңызды мәселелерін талқылауға; 

- қызметтік маңызды мәселелерін талқылауға; 

- ішкі нңбек тәртібі ережесімен бекітілген қызметкерлердің қызметтік жетістіктерде материалдық сыйақы алуға және алғыспен марапатталуға; 

Университеттің тегін кітапханалық, ғылыми қызметтерін пайдалануға.

5 МІНДЕТТЕРІ 

Баспахана төмендегі міндеттерді міндеттері: 

-       Баспахана жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру; 

-       Штат көлемін анықтап, бекітілген көлемде жұмысты бөлу; 

-       Жаңа технология түрлерін енгізу; 

-       Жасалынған жұмыс жайында жарты жылдық және жылдық есебін өткізеді; 

-       Оқу әдістемелік әдебиеттерді міндетті ұсыныс құжаттары негізінде(кафедра және факультет әдістемелік кеңес, ғылыми кеңес рецензиясы) жүзеге асыру; 

-       Университет қаражатына ғылыми, оқу әдістемелік және арнайы әдебиеттерді қайта басып шығару 

-       Университет факультеттері мен ғылыми кітапхананы оқу-әдістемелік, ғылыми және арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 

-       Баспа қызметі бойынша белгіленген нормативтер аясында баспаға дайындау ; 

-       Автормен баспа жұмысы мәселесі бойынша факультет, кафедра, кітапхана және басқа да құрылымдармен әдістемелік және кеңес беру жұмысын атқару, олармен біріге отырып дұрыс пайдалануды бақылауға алу және дайын өнімді өткізу жұмысын ұйымдастыру;

6 ЖАУАПКЕРШІЛІК 

Баспаханаға жауапты: 

-       Баспа және полиграфиялық қызметінің сапасыз нәтижесі үшін; 

-       Жоғары оқу орындары ішіндегі тақырыптық жоспарды (рецензиясы бар дайын қолжазбасы болған жағдайды) уақтылы жоспарламағаны және орындамағаны үшін; 

-       Университеттің баспаға қолдануға берілген материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін

7. БАСҚА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУ 

.7.1 Баспахана тікелей университете ректорына бағынады 

7.2 Баспахана қызметінің ерекшелігіне сәйкес ректор орынбасарларына бағынады. 

7.2.1 Баспахана жоспары мен қызметі жайында ректордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына есеп береді. 

7.3. Баспахана әр ай сайын бухгалтерияға жұмыс уақытын тіркеу табелін өткізеді.