COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ЖЫР ДОДАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ЖЫР ДОДАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында ХТИИ «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы «Мен – қырағы сұңқармын, мен – елімнің әуені...» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасын жариялаған болатын. Бүгінгі күні жыр додасы өзінің мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Мүшәйраға облысымыздың білім ордаларынан барлығы 32 өлең-жыр келіп түсті. Албырт жастардың, жас ақындардың, ақынжанды оқушылардың шығармаларын Халықаралық Тараз инновациялық институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рабиға Ағабекқызы Беркенова төрағалық жасап, кафедраның профессор-оқытушылары талдап, ой елегінен өткізіп, қорытындылады.

Олай болса, жыр додасының жеңімпаздары:

Бас жүлде – Тараз қаласы, Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназиясының оқушысы Ержан Аянат; жетекшісі: Шалдыбаева Гүлзейнеп.

І орын – Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Сайлаубек Зарина; жетекшісі: Сейтжанова Гүлафрез.

ІІ орын – Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы Искаков Сәбит; жетекшісі: Жумагулова Гүлжайнар.

ІІІ орын – Меркі ауданы, Әмеди Хасенов атындағы №11 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Құлмаханбетқызы Бибінұр; жетекшісі: Айткулова Асылзада.

Жеңімпаздардың дипломдары мен сыйлықтарын Халықаралық Тараз инновациялық институтының бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы жылы лебізін білдіре отырып табыстады. Болашақ ақындарға шалқар шабыт тілеп, жетекшілеріне алғысын айтты.