COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар

Жаңалықтар

06.05.20201ж. күні «Шығармашылық мамандықтар» факультетінде 7 – Мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай іс-шара ұйымдастырылды. Студенттер мен студенттік декан Амен Бернардың ұйымдастыруымен өткен кішігірім концерт барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттері хор орындады. Факультет деканы А.Құрманбекова оқу жылы барысында оқу, ғылым, өнер, спорт саласында жетістіктерге жетіп, институттың дамуына өзіндік үлес қосқан төмендегі белсенді студенттерді марапаттады:

1. Халықаралық Тараз инновациялық институтының дамуына өзіндік үлес қосып, «КВЕСТ» ойындарына қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті АШИМБЕКОВ ЕЛДОС АБУРАЙХАНУЛЫ марапатталды.

2. «ЖАС ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті МАШЕНОВ ҚАЖЫМҰХАН ЕРЛАНҰЛЫ марапатталды.

3. «ТАЛАНТТЫ ӘНШІ» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті АСАН ДАРХАН ЖАРҚЫНҰЛЫ марапатталды.

4. «ҮЗДІК ЖҮРГІЗУШІ» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті САҒАДИНОВ ТӨЛЕБИ ТЕМІРЖАНҰЛЫ марапатталды.

5. «ПОЭЗИЯ СҮЙЕР ЖАН» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті ӘБДІРЕЙ МҰСТАФА ЖАРАСБАЙҰЛЫ марапатталды.

6. «КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ» ойындарына қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті ДЖАМБУЛОВ СУЛТАНБЕК КАЗЫБЕКУЛЫ марапатталды.

7. «ТАЛАНТТЫ ӘНШІ» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті АГАНАСОВ ҚҰДАЙБЕРГЕН АСҚАРБЕКҰЛЫ марапатталды.

«Шығармашылық мамандықтар » факультеті Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша 2021 жылдың 7 мамыры Отан қорғаушылар күніне жоспарланған «Отан үшін - отқа түс, күймейсің! » тақырыбында саптық тәрбие сағаты өткізілді.

 

Саптық тәрбие сағаты 2021 жылдың 6 мамырында БӘД мамандығының 1 курс суденттерімен сағат 10.00-де ХТИИ №2 оқу корпусының БӘД мамандығы бойынша саптық алаңында өткізілді.

Тақырыбы айтып тұрғандай студенттерге Отан қорғанышы болып отырған бүгінгі әскери қызметтің маңызы және мерекелер мен демалыстарға қарамай әскери қызметте жүрген әскери қызметкерлердің жанқиярлық еңбектері, сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысқан аға ұрпақтың ерліктері кеңінен насихатталды.

Саптық тәрбие сағатында аты аңызға айналған Б.Момышұлының қысқаша өмірбаяны мен өнегелік өмір жолынан қысқаша мәлімет беріліп, студенттерге Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында өздерінің туыстары мен жақындарын міндетті түрде құттықтау керектігі ескертілді.

Саптық тәрбие сағатының соңында студенттерге республикадағы қалыптасқан жағдайға сәйкес сақтанып жүруге кеңес берілді.

 

Тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізген БӘД мамандығының оқытушылары подполковник Турсинбаев М.М., майор Үсен Б.М.

Араб мемлекетінің Дубай қаласында өткен Армрестлингтен әлем чемпионатында Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің 1 курс студенті Орынбасар Мейірім Сәбитханқызы 55 кг салмақ дәрежесінде 1 орынды иеленді! «Жарыста әсіресе Ресей, Индия, Германия мемлекеттерінің спортшыларымен күресу қиынға соқты» - дейді Мейірім.

Әлем чемпионатында 1 орын алған Мейірімді шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағын желбіретер жеңісті күндерің көп болсын.

 

Халықаралық Тараз инновациялық институтының қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдыртты. Екпе салу жұмыстары институт ғимаратында жүргізіліп жатыр. Вакциналау жұмыстарын бастамас бұрын медицина қызметкерлері ұжыммен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу алдында институттың әр қызметкерінің қан қысымы мен жүрек соғуы тексеріледі. Егер барлық көрсеткіштер қалыпта болса, онда екпе салуға болады. Екпе салынған соң пациент 30 минутқа дәрігерлер қарауына жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды. Екпені ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдер және тәртіп сақшылары қабылдаған болатын. Ал сәуір айында көпшілік үшін екпе салдыру қолжетімдігілі артты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

2021 жылы 6 мамырда Халықаралық Тараз инновациялық институты ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, "Еуразия" Халықаралық экономикалық академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлының 70 жылдығына арналған "Цифрлық экономиканы қалыптастыру дәуіріндегі жоғары білім беру, бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін трансформациялау" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция өткізеді.

Конференцияға қатысу үшін алыс және жақын шет елдердің ЖОО-ның ғылымдары, ғылыми ұйымдар, бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың ғалымдары мен өкілдері шақырылады.

 

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Жоғары білім беру жүйесін цифрландыру: проблемалар, басымдықтар, перспективалар;

2. Цифрлық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есептің трансформациясы;

3. Цифрландыру кезеңінде аудиторлық қызметті реформалау;

4.Цифрлық экономика және оларды шешудегі қаржылық-экономикалық және басқарушылық аспектілердің маңызы.

 

Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

 

Материалдар 2021 жылдың 20 сәуіріне дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 69 "Б", 2-қабат, 207А кабинет,

Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жауапты:

- Жұмабекова Гүлбақыт Алғашқызы (ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің бастығы): +7 (708) 180 40 74, Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

- Жұмаділдаев Мұрат ("Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі): +7 707 745 17 52, Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Сол жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде ӘОЖ индексі қойылады;

2. Бір жолдан кейін – ортасында баяндаманың атауы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ҚАРІППЕН) жазылады;

3. Баяндама тақырыбының астында бір интервалдан соң - ортасында кіші әріптермен автор (-лар)дың аты, әкесінің аты және тегі (қою қаріппен) жазылады;

4. Төменде мекеменің толық атауы, қаланың, елдің атауы, электрондық мекен-жайы көрсетіледі;

5. Бір интервалдан кейін абзацтан бастап - тікелей баяндама (мақала) материалы;

6. Бет параметрлері: барлық жағынан 2 см, абзац - 1 см

7. Қолжазба мәтіні 5 беттен аспауы тиіс.

8. Шрифт Times New Roman немесе Times New Roman KZ, кегль-12, интервал - бір;

9. Мәтіндегі әдебиеттер тізімі осы жұмыстың әдебиет тізіміндегі нөмірі түрінде

"шаршы" жақшаға алынады.

10. Суреттер, графиктер мен кестелер MS Word немесе MS Excel бағдарламаларында орындалуы керек және бет параметрлерінен шықпауы қажет. Суреттердің атауы мен нөмірлері суреттердің астында, кестелердің атаулары мен нөмірлері кестелердің үстінде көрсетіледі. 

 

Назар аударыңыз!

Конференция материалдарының жинағын шығару ISBN, ӘОЖ және ББК халықаралық индексін берумен жүргізіледі.