COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Таразский инновационно-гуманитарный университет

Главная / Медиа / Новости

Новости

Рамазан айы – Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп,жыл он екі айдың қадірлісі. Иісі мұсылман қауымы үшін осынау қасиетті айда ораза ұстап, құлшылық еткен жандарға ауыз аштыру сауабы мол іс. Осыған орай, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінде» дастархан жайылып, ауыз бекіткен студенттерге арнап ауызашар берілді. 

Институт ректоры Е.Б.Саурықов бұл айда мүмкіндігінше жұртқа жақсылық жасап, мейлінше ізгі істі көбірек істеу, күнә атаулыдан барынша бойды аулақ ұстап, кембағал жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасау - үлкен ізгілік екенін, Оразаның адамды төзімділік пен шыдамдылыққа, сабырлық пен  тәубашылыққа баулыған қадір-қасиеті туралы, жастарға берер тәлім-тәрбиесі жайлы пікірін білдірді.

Өз кезегінде студенттер ауызашар рәсімін арнайы ұйымдастырған институт басшылығына ризашылықтарын жеткізді.

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті, «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ТАЛАПКЕР-2021 кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кафедраға қарасты Жамбыл облысы, Сарысу ауданынан бекітілген 10 мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Жаңатас қаласында М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы, Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Абылайхан атындағы мектеп лицей, С.Сейфулин атындағы орта мектебі, Абай атындағы орта мектеп, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектеп, Сарысу орта мектебі, Ы.Сүлейменов орта мектебі, Ақтоғай орта мектебі.

Жалпы алғанда бітіруші мектеп түлектеріне мамандықтар туралы толық ақпарат және сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау ретімен, педагогикалық мамандықтарға, және шығармашылық мамандықтарға құжаттар өткізудің тәртібі және шектік балдары, ректорлық грант, ЖОО тарапынан берілетін әлеуметтік жеңілдіктер, оның ішінде өнерлі, білім-ғылым бойынша және спорттағы жетістіктері бар студенттерге берілетін жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.

22.04.2021 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Өмір сыйла» атты қан тапсыру акциясы ұйымдастырылды. Жамбыл облыстық қан орталығының мамандары 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін акцияға қатысушыларды қабылдады. Институт ректоры Е.Б.Саурықов бастаған барша профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер аталмыш акцияға белсенді түрде қатысты.

Бүгінгі таңда әлемде қан донорлығы проблемасының өзекті шешімі тегін қан тапсыру болып табылады. Тегін донорлықтың артықшылықтары:

- Қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі, өйткені донорлар сыйақы үшін емес, өз денсаулығының жай-күйі туралы шынайы ақпарат бергісі келеді.

- Тұрақты донорлар үнемі медициналық тексерулерден өтеді және олардың қаны барлық мұқтаж адамдарға көмектесетініне сенімді.

- Ерікті және өтеусіз донорлықты көптеген діни конфессиялар мақұлдайды.

- Тегін қан тапсыру адамдарға өздерінің адами қасиеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

- Тегін донор болу – бұл құрмет пен ризашылық. Қайырымды жанқиярлық сезімі бар, кез келген уақытта басқа адамның өмірін тегін құтқаруға дайын адам донор бола алады.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында донорлық қан дайындау тек жалғыз ұйымда жүзеге асырылады - бұл Облыстық қан орталығы. 2020 жылы 11 453 донордан қан дайындалды, көрсетілген саннан тек 406 адам ғана өз қанын ақылы негізде тапсырды, ал қалғандары өтеусіз донорлар болды, бұл барлық донорлардың 96 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш еліміздің өңірлері арасында ең үздіктердің бірі болып табылады.

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті Тараз қаласының №35 орта мектебі және Байзақ ауданының Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арнап, 22.04.2021ж. күні «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Бұл іс-шарада оқушыларға осы аталған факультетке қарасты «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Педагогика және психология», «Шетел тілдері: екі шетел тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу және арнайы кабинеттерімен, инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығымен, зертханалық аудиториялар, лингафондық кабинеттер, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттерінің мамандықтарын терең игеруге арналған Тараз қаласындағы бірегей, әмбебап «Спорт кешені», үлкен зал, гимнастика залы, тренажерлық зал, «Кәсіптік оқыту», «Көркем еңбек және сызу» мамандықтарына арналған кәсіби шеберханалар, студенттердің өз қолдарымен жасаған бұйымдары, «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының арнайы жабдықталған кабинеті таныстырылды. Жалпы алғанда бітіруші мектеп түлектеріне, осы факультеттердегі қызығушылық білдірген мамандықтары туралы, толық ақпарат және сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау ретімен, педагогикалық мамандықтарға, және шығармашылық мамандықтарға құжаттар өткізудің тәртібі және шектік балдары, ректорлық грант, ЖОО тарапынан берілетін әлеуметтік жеңілдіктер, оның ішінде өнерлі, білім-ғылым бойынша және спорттағы жетістіктері бар студенттерге берілетін жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.

Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жаратылыстану» факультетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шыққанына 4 жыл толуына орай және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын студенттер арасында талқылау, насихаттау мақсатында жоспарға сәйкес «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың басты кепілі» атты тақырыпта 1 курс студент жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Болашақа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Ұлы даланың жеті қыры», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақалалардың мәні мен маңызы туралы, институтта атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы «Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс» секторының жетекшісі Бекназаров Б.А. кеңінен баяндап берді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.