COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Таразский инновационно-гуманитарный университет

Главная / Медиа / Новости

Новости

Халықаралық Тараз инновациялық институтының“Жалпы педагогика” кафедрасының аға оқытушылары Н.Фатихова және А.Таджикова  мамыр айының 20-21 күндері аралығында, Байзақ ауданының бітіруші түлектеріне  кәсіби бағдар жұмыстарын   жүргізді. Кәсіби бағдар жұмысы барысында  түлектерге ХТИИ туралы ақпараттар беріліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп ақпараттық қағаздар таратылды.

2021 жылы мамыр айының 19-26 күндер аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының жағажай волейболынан IX жазғы Универсияда ойындары бастау алды. Аталған спорт додасына Халықаралық Тараз инновациялық институтының спортшы студенттері қатысуда. Кеше ауа-райының қолайсыздығына байланысты ойындар кейінге шегерілді.

«Спортшыларымыздың көңіл-күйі жақсы, сақадай-сай дайын, қолдан келгенше аянбаймыз» - дейді «Спорттық – бұқаралық жұмыстар» орталығының директоры Сырым Балаби. Назарларыңызға дайындық сәттерін ұсынамыз.

«Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс» секторы

 

Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Тәуелсіздік толғауы – жастардың жарқын қолдауы!» aтты оқушылар мен студенттер арасында республикалық Jambyl CUP I пікірсайыс турнирі өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Республиканың барлық өңірінен 82 команда қатысқан бұл додада әлемдік және еліміздегі болып жатқан жағдайлар барысы бойынша көзделген мәселелер қаралды: аз қамтылған отбасы мүшелерін жұмысқа алу, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі жайлы, адамдар арасындағы ауыр қылмыс жасау, таяу шығыстағы мемлекеттердің тұрмыс тіршілігі жайлы, адамзаттың этикалық көзқарастары. Одан бөлек, жастардың бойында коммуникативтілікті арттыру, командада жұмыс істей білу сынды қасиеттерді қалыптастыру көзделді.

Аталған мәселелер бойынша қатысушылардың көзқарасы бойынша жастар тарапынан мәселенің шешу механизмі мен тың идеялар ұсынылды. Турнир жеңімпаздарына жүлде қоры 600 000 теңге болатын ақшалай сыйақы берілді.

Ойын қорытындысы бойынша 1-орын Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан келген “ЦугЦванг” фракциясы (Жапар Әли, Уалиев Даулет), жүлде қоры 300.000 теңге, 2-орын Алматы қаласының командасы “Жұмабек Ташенов” (Сарсенбаев Архат, Нурсултан Нурсипат) жүлде қоры 200.000 теңге, 3-орын “Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” алматылық команда (Тастанбеков Данияр, Мырзатай Жансерік) жүлде қоры 100.000 теңгемен марапатталды. Турнирдің ең Үздік спикері алматылық Жандос Әмре. Ең Үздік төреші номинациясын тараздық Саурамбаев Бектас жеңіп алды.

Пікірсайыстың негізгі мақсаты – жастардың ұйымдастырушылық және критикалық ойлауын дамыта отырып, еліне елеулі қызмет ететін болашақ көшбасшыларды дайындау. Пікірсайысшыларға дебат технологиясы бойынша тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру. Сонымен қатар, Қазақстандық қоғамдағы және әлемдік қауымдастықтағы көкейтесті мәселелерді көпшілік алдында талқылау мен сараптау жолдары арқылы, жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

«Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс» секторы

 

 

 

Бүгін  Халықаралық Тараз инновациялық институтында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік толғауы – жастардың жарқын қолдауы» атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Турнирдің мақсаты – оқушылар мен студенттер арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей алатын азаматтар даярлау, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу.
Пікірсайысқа студенттер арасынан 60 топ, оқушылар арасынан 20 топ қатысуда.
Пікірсайыс турнирі 2 негізгі ойын форматы арқылы өткізіледі: 1) Американдық парламенттік формат (АПФ); 2) Линкольн-Дуглас форматы (ЛД).
Барлық пікірсайысшыларға сәттілік тілейміз!


"Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс секторы"